
25 қазан – Республика күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия» кафедрасында «Тәуелсіздік – ең қымбат қазына» тақырыбында топ студенттерімен патриоттық тәрбие сағаты өткізілді.
Мерекелік іс-шараны кафедра доценті Еркебаева С.К. және кафедра ассистенті Толебаева Г.Е. 5 курс ВМ-МҚАБ-03-22, ВМ-МҚАБ-04-22 топтарының білім алушылармен бірге өткізді.
Іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік жолы, Республика күнінің тарихи маңызы туралы ой бөлісіп, «Мен Қазақстанды не үшін мақтан тұтамын?» тақырыбында өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, білім алушылар «Атамекен» әнін өте әсерлі шырқап бейнеқұттықтау түсірілді.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін көрсетті.