Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Студенттерге «Зорлық-зомбылық...
23 қараша 2026
1
0
0

Студенттерге «Зорлық-зомбылық пен қатыгездік белгілерін тани білу» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылары  А.С.Жакипова, А.Т.Абдуллабекова   ВМ-СОАБ-10-26 тобының білім алушыларымен «Зорлық, зомбылық белгілерін тани білу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты қоғамдағы өзекті мәселе төңірегінде,  зорлық-зомбылық ұғымы мен зорлық  түрлерін түсіну және тани білу,  Буллинг пен кибербуллингтен сақтану жолдары мен  көмекке жүгіну тәртібі және  сондай жағдайларда  қажетті байланыс нөмірлерін үйрену жөнінде айтылды. «Қоғамдағы келеңсіз оқиғалар»  тақырыбында ВМ-СОБ-10-26 топ білім алушылары мағыналы да мәнді көрініс қойды. Қатысушылардың түйген ойлары мен алған ақпараттары KAHOOT жүйесімен жасалған сұрақ-жауап  арқылы түйінделді.

Пікірлер орны (0)