
2026 жылдың 11 қарашасында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Startup Constitution» инновациялық жобалар байқауы өтті.
Байқауға В-ФМЦИҚ-01-26, В-ФӨТБББ-01-25, В-ФӨТМШҚ-05-25 және В-ФӨТҚАБ-02-25 топтарының білім алушылары қатысты. «Inclusive Job», «SafeNet», «Student Work», «MedMobile» және «Bilim Qoljetimdi» командалары әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобаларын таныстырып, өз идеяларын сәтті қорғады.
Үздік командалар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Байқау білім алушылардың шығармашылық ойлауын, құқықтық сауаттылығын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.