
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы мен «Дене тәрбиесі» орталығының аға жаттықтырушы-оқытушылары Аяпов Е.С. және Шораева Н.Б. бірлесе отырып 20 қараша күні білім алушылар арасында «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырды. Қазылар алқасының құрамында Сарбаева Балнұр, Жакипова Азиза және Аяпов Еділ болды. Сайыстың ұйымдастырылуына В-ФӨТҚБ-02-26 тобының білім алушылары өз үлесін қосты.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, білім алушылардың дене белсенділігі мен командалық рухын дамыту.
Сайысқа «Фармация» факультетінің В-ФМЦИҚ-01-26, В-ФӨТҚ-03-26, В-ФӨТОАБ-04-26 топтарының студенттерінен құралған FMCIK Legends, Жеңіс, Nomad командалары және «Медицина» факультетінің ВМ-МША-07-23, ВМ-МШБ-07-23 топтарының шетелдік білім алушыларынан құралған Kangleipak және Lunar командалары қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, күш-жігері мен ұйымшылдығын көрсетіп, тартысты бәсекеге түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – «Жеңіс» тобы
🥈 II орын – «NOMAD» тобы
🥉 III орын – «LUNAR» тобы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен сайысқа қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!