Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Салауатты өмір – нұрлы болаша...
19 қараша 2026
1
0
0

«Салауатты өмір – нұрлы болашақ»

2026 жылдың 17 қарашасында «Халықаралық шылым шегуден бас тарту және нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес» күніне орай, жастар арасында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру және бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» тақырыбында тәлімгерлік сағат аясында баскетболдан топтар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған бұл бастама білім алушылардың бойында зиянды әдеттерге қарсы саналы көзқарас қалыптастырып, темекі мен есірткінің адам денсаулығына тигізер орны толмас зиянын тереңірек түсінуге бағытталды. Тәлімгерлік топ аясында өткен шара білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың жауапкершілігі мен өмірге деген оң көзқарасын нығайтуға ерекше серпін берді.

Тағылымды әрі тартысты өткен спорттық шараға ВМ-МҚАБ-06-26 тобының тәлімгері Едиль Сейтбаевич Аяпов пен ВМ-МА-14-26 тобының тәлімгері Гани Базаралиевич Дүйсенбиев жетекшілік етті. Ойын барысында екі тәлімгерлік топтың білім алушылары жоғары шеберліктерін, шапшаңдық пен ептіліктерін, сондай-ақ нағыз командалық рух пен ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсете білді.

 Мұндай тәлімгерлік шаралар жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Пікірлер орны (0)