
ОҚМА Терапия кафедрасында 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға доцент міндетін атқарушы Кушекбаева А.Е., кафедра ассистенттері Абилдаева А.Д., Усманова М.Б., Кенжаева А.Б., сондай-ақ ВМ-МҚА-06-23, ВМ-МҚБ-06-23, ВМ-МҚА-05-23 және ВМ-МҚБ-05-23 бакалавриат топтарының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Республика күнінің тарихи маңызын, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау, отан сүйгіштік пен жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Іс-шара студенттердің бойында отан сүйгіштік сезімін қалыптастыруға, өз елінің тарихына деген құрметін арттыруға және ұлттық мерекелердің маңызын терең түсінуге ықпал етті.