Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Пациент биомеханикасы: пациен...
13 қараша 2026
1
0
0

«Пациент биомеханикасы: пациентті қауіпсіз қозғалту және жарақаттардың алдын алу»

2026 жылдың 9 қарашасында ОҚМА «Клиникаға кіріспе» кафедрасында кафедра меңгерушісі А. Р. Жумадилова және кафедра ассистенті М.М.Аяпбергеннің ұйымдастыруымен «Пациент биомеханикасы: пациентті қауіпсіз қозғалту және жарақаттардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға пациентті дұрыс орналастыру, төсекте қозғалту, отырғызу және тасымалдау кезінде биомеханика қағидаларын сақтауды үйрету, сондай-ақ пациент пен медицина қызметкері арасында жарақаттану қаупінің алдын алу.
Семинарға ВМ-МҚА-01-26 және ВМ-МҚА-02-26 топтарының білім алушылары қатысты. Іс-шара барысында пациентті қауіпсіз қозғалту әдістері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, білім алушылар әртүрлі қалыптар мен тасымалдау тәсілдерін орындады. Сонымен қатар, тақырыптық плакаттар қорғалып, дұрыс және қате орындалған әрекеттер талқыланды.


Іс-шара соңында кафедра ассистенттері білім алушыларға сұрақтар қойып, кері байланыс жүргізді. Білім алушыларға пациенттің қауіпсіздігін, жайлылығын және қадір-қасиетін сақтау – болашақ медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігінің маңызды бөлігі екені түсіндірілді.

Пікірлер орны (0)