
Халықаралық студенттер күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттеріне «ОҚМА» АҚ ректоры «Оқитын ұлт» жобасы аясында кітаптар сыйға тартты.

Игі бастама жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-мәдени дамуына және білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған.
Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осындай бастамалар студенттер арасында оқу мәдениетін қалыптастырып, зияткерлік әлеуетті арттыруға ықпал етеді.
