Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА ректоры студенттерді Халы...
18 қараша 2026
1
0
0

ОҚМА ректоры студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова оқу орнының студенттерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, студенттік Құрылтай барысында сайланған белсенді жастарға академияның төсбелгісін тақты.

Салтанатты жиында ректор студенттік кезеңнің адам өміріндегі ең жарқын әрі қайталанбас шақ екенін атап өтіп, жастарды сапалы білім алумен қатар, ғылыммен айналысуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жаңа бастамаларға ұмтылуға шақырды.

«Қазіргі студент тек білім алып қана қоймай, зерттеу жүргізіп, жаңашылдыққа ұмтылуы қажет. Осы бағытта студенттік ғылыми ұйымға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол жастарды ғылымға тартып, ғылыми жобаларға қатысуына мүмкіндік жасауы тиіс. Академия басшылығы студенттік ғылымды дамытуға және студенттердің игі бастамаларын қолдауға әрдайым дайын. Біз сіздерден жақсы нәтижелер күтеміз», – деді Жанна Серікжанқызы.

Сонымен қатар, ректор белсенділердің студенттер мен академия басшылығы арасындағы байланысты нығайтудағы ерекше рөліне тоқталды. Белсенді жастар студенттерді ортақ мақсатқа біріктіріп, академия өміріне белсене араласуға ынталандыруы тиіс.

Пікірлер орны (0)