
2026 жылдың 17 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Иорданиядағы Applied Science Private University университетінің профессорлары Mohammad Al-Najjar және Imadaldien Al-Fahmawee бастаған делегация арнайы іссапармен келді.
Кездесу барысында ОҚМА-ның білім беру, ғылыми және халықаралық қызметі, сондай-ақ жаңа университеттік аурухана жобасы таныстырылды.

Тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, оқытушылар мен студенттер алмасу, медициналық білім беру саласын жетілдіру және халықаралық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Бұл кездесу Қазақстан мен Иордания арасындағы академиялық байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.