Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-да 25 қазан – Республика...
23 қазан 2026
1
0
0

ОҚМА-да 25 қазан – Республика күніне арналған халықаралық жолдастық волейбол матчы өтті

2026 жылдың 22 қазан күні 25-қазан Республика күніне орай академиямыздың спорт залында жергілікті және алыс шетелден келген білім алушыларымыз арасында волейболдан ерекше тартысты жолдастық кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шетелдік білім алушылардың академиялық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету және мәдениеттаралық байланысты нығайту.
Алаңдағы тартыс соңғы минуттарға дейін созылды. Әрбір ұпай үшін болған шиеленісті ойын нәтижесінде 2:1 есебімен «SPARTAN»  командасы жеңісті жетті.
Бұл ойын тек спорттық бәсеке емес, академиямыздағы халықаралық достық пен бірліктің жарқын үлгісі болды. Жергілікті білім алушыларымыз да жоғары дайындық пен мықты ойын көрсетіп, жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Жарыс соңында қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бұл кездесу дәстүрлі түрде жалғасын табатыны атап өтілді.

Пікірлер орны (0)