
Көгалдағы хоккейден Түркістан облысы командасының капитаны әрі орталық қорғаушысы, ВМ-СҚА-03-25 тобының білім алушысы Тіллабеков Расулбекті дүбірлі спорттық жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үстіміздегі жылдың 26 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Түркістан қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты (бірінші лига) өтті. Бұл тартысты республикалық жарысқа еліміздің әр өңірінен 8 мықты команда қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Шымкент қаласының намысын қорғаған Расулбек өнер көрсететін команда жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді.
Ол ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің медалімен және І дәрежелі Дипломымен марапатталды.