
2026 жылғы 16 қазанда Облыстық клиникалық ауруханада аурухананың бас дәрігері Н.Б. Мауленов пен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Бекайдар Нұрмашевтің, резидентура деканы Дана Әуезханқызының, аталған клиникалық базада қызмет атқаратын кафедра меңгерушілерінің және оқу үдерісіне жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге аурухананың бөлім меңгерушілері, дәрігерлері және клиникалық тәлімгерлері де қатысты.
Кездесу барысында клиникалық базадағы оқу үдерісін ұйымдастыру, резиденттерді даярлау үшін жағдайларды жақсарту, кафедралар мен аурухана арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Тараптар клиникалық оқыту сапасын арттыру, оқу үдерісін тиімді үйлестіру және резиденттердің кәсіби даярлығын жетілдіру бағытында пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша клиникалық базаның жұмысын жетілдіру және академия мен медициналық ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңыздылығы атап өтілді.