Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Мейірімділік – жүректен, қамқ...
9 қараша 2026
1
0
0

«Мейірімділік – жүректен, қамқорлық – ізгі ниеттен басталады!»

Адамгершілік, мейірімділік пен жанашырлық – қоғамның рухани байлығын айқындайтын ең асыл құндылықтар. Әсіресе, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж балаларға көңіл бөліп, олардың жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлау – әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Өйткені әрбір бала мейірімге, сүйіспеншілікке және бақытты балалық шаққа лайық.                                                                                    Осы ізгі мақсатты негізге ала отырып, бүгін Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері, «Мейіргер ісі» мамандығының      В-МІҚ-01-03, В-МІҚ-01-26, В-МІО-01-26, В-МІҚққ-01-26, В-МІОққ-02-26топтарының білім алушылары, аталған мамандықтың ММІҚ-01-26, ММІҚ-01-25 топтарының магистранттары және «Медицина» мамандығының ВМ-МОБ-09-22 тобының студенттері бірлесе отырып, «Қолдау балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.                           

Аталған орталықта стационар жағдайында 110 бала, ал күндізгі жартылай стационар жағдайында 70 балаәлеуметтік қызмет алады. Бұл мекеме ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға жан-жақты көмек көрсетіп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. Қайырымдылық акциясы аясында орталықта қызмет алушы балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар мен күнделікті өмірде қажетті заттар табысталып, оларға ерекше көңіл бөлініп, мейірім мен жылулық сыйланды. Бұл игі бастама балалардың жүздеріне қуаныш ұялатып, жүректеріне шаттық сыйлауға, олардың өздерін қоғамның маңызды әрі қымбат бөлігі ретінде сезінуіне бағытталды.                                                              
Шараның басты мақсаты – балаларға материалдық көмек көрсетумен ғана шектелмей, оларға рухани қолдау білдіру, адамгершілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ жастардың бойында қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.                               
Қайырымдылық – бір күндік шара емес, ол жүректен басталып, ізгі іспен жалғасатын өмірлік ұстаным. Жасалған жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Кейде шынайы ықыласпен берілген сыйлық, жылы сөз немесе қарапайым көңіл бөлудің өзі бір баланың жүрегіне үміт ұялатып, өміріне қуаныш сыйлауы мүмкін.
Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға рұқсат беріп, игі бастамамызға қолдау көрсеткені үшін «Қолдау балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бабакулов Серік Сейілұлына және директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Наримбай Ерхан Төребекұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жақсылық жасаудан жалықпайық! Мейірім мен қамқорлық әр жүректен орын алсын!

Пікірлер орны (0)