Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Медициналық білім берудегі циф...
23 қазан 2026
1
0
0

Медициналық білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект


2026 жылдың 23 қазанында Педиатрия-1 кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға әдістемелік бөлім меңгерушісі Б.М. Рашева, Педиатрия-2 кафедрасының профессор-оқытушылары Ф.Д. Хатамов, Г.С. Адырбекова, А.К. Камысбаева, Г.М. Онласбекова және Педиатрия-1 кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты.
Интерактивті семинар барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні медициналық білім беруде тиімді әрі қауіпсіз қолдану, академиялық адалдықты сақтау, дербес деректерді қорғау және ЖИ ұсынған ақпаратты тексеру мәселелері талқыланды. Қатысушылар топтық тапсырмалар орындап, клиникалық кейстерді талдады, қауіпсіз промпт құрастыру және Блум таксономиясына сәйкес тест тапсырмаларын әзірлеу қағидаларымен танысты.
Әдістемелік бөлім меңгерушісі Б.М. Рашева семинардың мазмұны медициналық білім берудің заманауи талаптарына сәйкес екенін атап өтіп, іс-шараның ұйымдастырылуына оң баға берді. Кафедра меңгерушісі семинардың мазмұнды, жүйелі және тәжірибелік бағытта өткізілгенін атап өтті.
Семинар нәтижесінде қатысушылардың цифрлық сауаттылығын, сыни ойлауын және жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айқындалды.

Пікірлер орны (0)