Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Лудомания: тәуелділікке жол ж...
12 қараша 2026
1
0
0

«Лудомания: тәуелділікке жол жоқ, саналы таңдау бар»


2026 жылдың 11 қарашасында Психологиялық қызмет және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен ВМ-СқА-05-26, ВМ-Сқб-05-26 топтарында «Лудомания: тәуелділікке жол жоқ, саналы таңдау бар» тақырыбында танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге ойынға тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік зардаптарын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын таныстыру және саналы өмір салтын қалыптастыруға бағыт беру. Кездесу барысында лудоманияның негізгі белгілері, пайда болу себептері және адам өміріне тигізетін кері әсері талқыланды. «ТАКЕР» тестінің нәтижелері негізінде студенттерге топтық психологиялық кеңес беріліп, эмоцияны басқару, уақытты тиімді пайдалану және тәуелділіктен сақтану бойынша ұсыныстар айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, құмар ойындардан аулақ болып, саналы әрі салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер орны (0)