
2026 жылдың 19 қараша айында Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен және ПҚАБ-01, ПҚ-02-26 топтарының арасында алтын күздің әсем сазымен, сары жапырақтың сыбдырымен келген «Күз ханшайымы-2026» байқауы өткізілді. Күз - табиғаттың алтын түске боялып, ерекше құлпыратын мезгілі. Бұл - береке мен молшылықтың, әсемдік пен шабыттың кезеңі. Қазақ халқы қыз баланы қашанда сұлулықтың символы, тәрбиенің көрінісі, ұлттың мақтанышы деп бағалаған. «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» деген дана халқымыздың сөзі бүгінгі кешіміздің мәнін аша түседі.
Бүгінгі байқауымызда біз аруларымыздың бойындағы сұлулықты ғана емес, өнерін, білімін, талғамы мен тапқырлығын тамашалайтын боламыз.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: таныстыру кезеңі, өз өнерін көрсету, күзгі сән көрсетілімі (defile), күзгі тағам. Байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мен көрермендер көтеріңкі көңіл күйде болды. Іс-шара студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырып, сұлулық пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятты.