Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Конституциядағы адам құқықтар...
6 қазан 2026
1
0
0

«Конституциядағы адам құқықтарының маңызы»

2026 жылғы 5 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Г.С. Айдарбекова 1-курс «Медицина» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен «Конституциядағы адам құқықтарының маңызы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Ашық дәріс ҚР Конституциясын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралардың оқиғалар қатары аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру, олардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекет пен қоғам өміріндегі орны, адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері, оларды қорғаудың құқықтық тетіктері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар адамның өмір сүру, жеке басының бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, білім алу, еңбек ету, денсаулық сақтау, сөз және ар-ождан бостандығы сияқты негізгі құқықтарына ерекше назар аударылды.
Білім алушыларға құқықтар мен бостандықтардың тек мемлекет тарапынан кепілдік берілетін құндылықтар ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігімен тығыз байланысты екені түсіндірілді. Осы тұрғыда адамның өз құқықтарын білуімен қатар, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуінің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында құқықтық мәдениет, заңға құрмет, азаматтық ұстаным, жауапкершілік және адам құқықтарын сақтау құндылықтарын қалыптастыруға басымдық берілді. Бұл бағыт білім алушылардың болашақ медицина маманы ретінде кәсіби қызметінде де маңызды орын алатыны атап өтілді.
Ашық дәріс білім алушылардың конституциялық-құқықтық білімдерін толықтыруға, Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтарын түсінуге, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.
ҚР Конституциясын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралардың оқиғалар қатары аясында өткізілген бұл ашық дәріс білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Пікірлер орны (0)