Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары "Кітап оқитын ұлт – білімді ұр...
11 қараша 2026
1
0
0

"Кітап оқитын ұлт – білімді ұрпақ, жарқын болашақ!"

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Кітап оқитын ұлт» университеттік бағдарламасы аясында болашақ дәрігерлердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» кафедрасының ассистенті Тұрсынбаева Айгүл Жанабайқызының  жетекшілігімен 5-курс ЖТДҚ 02-2 тобының студенттерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер кітаптың адам өміріндегі маңызы, болашақ дәрігердің тұлғалық және кәсіби қалыптасуындағы көркем әдебиеттің рөлі, рухани даму мен үздіксіз білім алудың құндылығы туралы ой бөлісті. Ақ халатты абзал жанның бойында терең біліммен қатар мейірімді жүрек, биік адамгершілік пен парасатты ой болуы тиіс. Өйткені, нағыз дәрігер адам тәнін ғана емес, жан дүниесін де түсіне білуі қажет.

Басты мақсатымыз – тек кәсіби білікті маман ғана емес, кітапты серік еткен, рухани бай, ой-өрісі кең, адамгершілігі жоғары дәрігер тұлғасын қалыптастыру!

Пікірлер орны (0)