Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Хирургиялық пәндер бойынша IV...
19 қазан 2026
1
0
0

Хирургиялық пәндер бойынша IV халықаралық олимпиада

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында хирургиялық пәндер бойынша IV халықаралық олимпиада өтті. Халықаралық деңгейдегі білім бәйгесі болашақ хирургтер мен жас зерттеушілердің басын қосып, олардың кәсіби білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және практикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді.
Олимпиаданың ашылу салтанатында оқу орнының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Бекайдар Нұрмашев, ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Аукенов, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Сәлім сөз сөйлеп, алыс және жақын шетелдерден байқауда бақ сынауға келген қонақтарға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, үміткер командаларға сәттілік тілеп, мұндай халықаралық іс-шаралардың медицина ғылымы мен білімінің дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті.


Салтанатты іс-шара барысында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстанның әр өңіріндегі медициналық жоғары оқу орындарынан келген командалар таныстырылды.
Үш күнге созылатын олимпиада аясында жас хирургтер өздерінің теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін сынап, күрделі кәсіби тапсырмаларды орындау арқылы біліктіліктерін көрсететін болады. Барлығы 14 команда 14 конкурсты қамтитын сайыста өзара бақ сынайды.

Пікірлер орны (0)