
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде қала әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Форсайт-орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Форсайт-орталық өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға және жаңа инновациялық бастамаларды жүзеге асыруға арналған маңызды сараптамалық алаң болмақ.
Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Сейтжанова қатысып, салтанатты жиын барысында құттықтау сөз сөйледі. Жанна Серікжанқызы өз сөзінде ғылым мен білім саласындағы инновациялық бастамалардың маңыздылығына тоқталып, ғылыми әлеуетті дамыту мен заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің өзектілігін атап өтті.

Іс-шара аясында форсайт-орталықтың қызметі таныстырылып, өңірлік ғылымды дамытудың басымдықтарын айқындауға арналған форсайт-сессия ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бұл күні AUEZOV AI MEDIA STUDIO интерактивті білім беру медиастудиясының салтанатты ашылуы өтті. Бастама заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және инновациялық білім беруді дамытуға бағытталып отыр.