2026 жылғы 16–18 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Г.С. Рахманова Сібір мемлекеттік медицина университетінде (Томск қ., Ресей Федерациясы) өткен «Дәрілік заттарды әзірлеу – дәстүрлер мен перспективалар» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция аясында «Таржапырақты лаванда гүлдеріндегі флавоноидтарды ЖҚХ әдісімен анықтау» тақырыбындағы зерттеу нәтижелері ұсынылды.

2026 жылғы 25 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармация» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты А.А. Абилова Ташкент фармацевтикалық институтында (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) өткен «Фармацевтика саласының қазіргі жағдайы: мәселелері мен перспективалары» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Macrotomia (Arnebia) туысына жататын өсімдіктер тамырларын макроскопиялық зерттеу және тауартанулық бағалау» тақырыбында онлайн баяндама жасады.
Жұмыс фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор К.К. Орынбасарованың ғылыми жетекшілігімен орындалды. Баяндама барысында зерттеудің өзектілігі, макроскопиялық талдаудың негізгі кезеңдері және өсімдік шикізатын тауартанулық бағалау нәтижелері ұсынылды.

2026 жылғы 7–9 қазанда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 4-курс студенті А.А. Салаева Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы) өткен ФИТОФАРМ 2026 XXVII Халықаралық съезінде баяндама жасады.
Баяндама тақырыбы — «Көпкомпонентті өсімдік жинағына сапалық фитохимиялық зерттеу жүргізу». Жұмыс фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор К.К. Орынбасарованың ғылыми жетекшілігімен орындалды.

2026 жылғы 14–15 қазанда М. Әуезов атындағы ОҚУ магистранттары Фармацевтикалық білім беру және зерттеулер институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) ұйымдастырған «Қазіргі фармацевтика саласын дамытудың өзекті мәселелері мен үрдістері» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға онлайн қатысты. Магистранттар фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор К.К. Орынбасарованың ғылыми жетекшілігімен орындалған жұмыстардың нәтижелерін ұсынды.
М. Әуезов атындағы ОҚУ магистранты Б.Н. Мерханова «Масақты дендростеллера шөбіндегі полисахаридтерді сандық анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі — К.К. Орынбасарова.
М. Әуезов атындағы ОҚУ магистранты А.М. Шерхан «Жалған қызылбояу шөбіндегі (Galium spurium L.) илік заттарды сапалық және сандық анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі — К.К. Орынбасарова.
М. Әуезов атындағы ОҚУ магистранты Ж.Н. Мухидин «Шығыс текесақалы (Dodartia orientalis L.) шөбіндегі макро- және микроэлементтерді анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі — К.К. Орынбасарова.
М. Әуезов атындағы ОҚУ магистранты Н.К. Чапай «Маршалл ақбасқурайы шөбінің элементтік құрамын анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі — К.К. Орынбасарова.


2026 жылғы 20–22 қазанда Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының 90 жылдығына арналған «Инновациялық дәрілік заттар: молекуладан пациентке дейін» атты III Халықаралық конференция (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) аясында фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор К.К. Орынбасарованың ғылыми жетекшілігімен орындалған жұмыстар бойынша екі постерлік баяндама ұсынылды.
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармация» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты А.А. Абилова «Macrotomia ugamensis және Macrotomia euchroma тамырларының сапа көрсеткіштерін салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы постерлік баяндаманы ұсынды.
«Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті К.Н. Ержан «Бунге киікоты (Ziziphora bungeana) шөбін фитохимиялық талдау» тақырыбындағы екінші постерлік баяндаманы ұсынды. Ғылыми жетекшісі — К.К. Орынбасарова.

2026 жылғы 30 қазанда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Фармация ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Г.С. Рахманова Абу Али ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде (Душанбе қ., Тәжікстан Республикасы) өткен «Жасанды интеллект және цифрлық денсаулық сақтау: медицина ғылымы мен практикасының жаңа белестері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (74-жылдық) қатысты.
«Тарақты көздәрі шөбіндегі макро- және микроэлементтердің мөлшерін анықтау» тақырыбында баяндама ұсынылды. Авторлары: Г.С. Рахманова, К.К. Орынбасарова, Н.В. Кудашкина.
