
2026 жылдың 26 қарашасында Психологиялық қызмет және Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ФҚБ-01-26, ФҚА-01-26, ТФП-103-26 топтарында «Емтихан стрессін басқару» тақырыбында танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге емтихан алдындағы стресс пен мазасыздықтың психологиялық ерекшеліктерін түсіндіру, эмоционалдық қысымды жеңу жолдарын үйрету және өз күшіне деген сенімділікті арттыру.
Кездесу барысында Фармация факультеті деканының орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы студенттерге емтихан тапсыру ережелері, емтихан кезіндегі тәртіп талаптары және академиялық жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал, Психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Әмірхан Ерхан емтихан алдындағы қорқыныш пен мазасыздықтың пайда болу себептері, оның психологиялық жағдайға әсері және стрессті басқару жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге эмоцияны реттеу, зейінді шоғырландыру және емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындалу бойынша практикалық жаттығулар мен ұсыныстар ұсынылды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар мен кеңестер алды.