Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Əлихан Бөкейхан мұрасы - ұлт...
4 қараша 2026
1
0
0

«Əлихан Бөкейхан мұрасы - ұлт қазынасы»

23 қазан күні  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Семей медицина университеті» КеАҚ  оқу  орнының ұйымдастыруымен жоғары жəне арнайы орта медициналық оқу орындары студенттері арасында «Əлихан Бөкейхан мұрасы - ұлт қазынасы» атты халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.С.Жакипова, Д.Ж.Кемелханның жетекшілігімен академиямыздың медицина факультеті білім алушылары қатыстырылды. Олимпиада шарттары бойынша қатысушылар Ә.Бөкейханның өмірі жайында бейнебаян дайындап, ақынның шығармашылығы жайында сұрақ-жауап сайысына бақ сынасты . Нәтижесінде ВМ-МОА-13-26 тобының білім алушылары Шобик Шадианна II дәрежелі дипломмен, Алмасбекқызы Раяна сертификатпен, ВМ-МА-04-25 тобының білім алушысы   Мулайханова Малика да сертификатпен  марапатталды.

Пікірлер орны (0)