
ВМ-МҚБ-02-24/А1 тобының студенттері Гигиена және эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Жақсыбекова Инжу Сапарбекқызының жетекшілігімен Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT-мектебінің оқушыларына «Дұрыс тамақтану негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында студенттер оқушыларды рационалды және теңгерімді тамақтану қағидаларымен таныстырып, фастфудты, газдалған сусындарды және құрамында қант пен май мөлшері жоғары тағамдарды шамадан тыс тұтынудың адам денсаулығына кері әсері туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу ережелері, сондай-ақ тағам өнімдерін сақтау, өңдеу және тұтыну кезіндегі санитариялық-гигиеналық талаптарға ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың санитариялық сауаттылығын арттыруға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.