
ОҚМА Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасында «Діни сауаттылық - жастардың рухани қалқаны» атты танымдық ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны аға оқытушы А.А. Жиенбаева ұйымдастырды. Қалалалық дін басқармасы Дін мәселесін зерттеу орталығының теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет Бахытұлы, кафедра меңгерушісі К.Н.Дәуренбеков, оқытушылар және ВМ-СҚА-02-26, ВМ СҚБ-04-26, ВМ СҚА-04-26, ВМ СҚА-01-26 топтарынын білім алушылары қатысты.
Жиын барысында интернет пен әлеуметтік желілердегі күмәнді уағыздар туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, жастардың ақпаратты сүзгіден өткізу маңыздылығы түсіндірілді. Дінтанушы-теолог маман дәстүрлі дін мен деструктивті ағымдардың басты айырмашылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының үйлесімділігін жеткізді. Сондай-ақ, діни ақпаратты тек ҚМДБ ресми сайттары мен тіркелген мешіт имамдары сияқты сенімді дереккөздерден алу керектігі айтылды.
Іс-шара соңында діннің адамды мейірімділікке, білім алуға, Отанды сүюге және ата-ананы құрметтеуге үндейтіні баса айтылды.