
Қытай фармацевтикалық университетінің (China Pharmaceutical University, CPU) 90 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) Фармация мектебінің деканы Ж.С. Токсанбаева Қытай халықаралық таланттар алмасу конференциясына (биофармацевтикалық сессия), сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» фармацевтикалық ынтымақтастық альянсының жыл сайынғы отырысына құрметті қонақ әрі шақырылған баяндамашы ретінде қатысты. Аталған іс-шаралар 2026 жылғы 29–31 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясына қарасты Санья қаласында өтті.

Конференция Қытай Халық Республикасының Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Қытай фармацевтикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасының маңызды іс-шараларының біріне айналды.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы екі тақырыптық секциядан тұрды:
1. «Онкологиялық фармакология мен терапияның заманауи бағыттары»;
2. «Дәстүрлі медицинаны жаңғырту және интернационалдандыру».

Мерейтойлық конференция фармацевтикалық білім мен ғылым саласындағы білім, кәсіби тәжірибе және озық практикалар алмасуға арналған маңызды халықаралық алаң болды. Оның жұмысына Қытай, Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Гонконг, Таиланд, Аустралия, Франция, Малайзия, Конго Демократиялық Республикасы, Румыния, Мажарстан, Америка Құрама Штаттары, Мысыр және Ұлыбритания елдерінің ғалымдары мен сарапшылары қатысты.