
ОҚМА Акушерлік және гинекология кафедрасында «Біліммен нұрланған болашақ» тақырыбында 1 – қыркүйек – Білім күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.
1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Біліммен нұрланған болашақ» тақырыбындағы мерекелік тәрбие сағатында білімнің адам өміріндегі маңызы, үздіксіз білім алудың қажеттілігі, кәсіби дамудың болашақ маман қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жылындағы мақсаттары, жауапкершілігі, өз мамандығына деген қызығушылығы мен кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары сөз болды.
Іс-шара соңында оқытушылар білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, табандылық, ізденіс пен шығармашылық жетістіктер тіледі. Әр білім алушының өз мақсатына жетіп, алған білімін болашақ кәсіби қызметінде тиімді пайдалануына және ел дамуына өз үлесін қосуына тілектер білдірілді.