Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Бейресми алаң: Достық матчы
4 қараша 2026
1
0
0

Бейресми алаң: Достық матчы

2026 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) спорт залында қыздар командалары арасында волейболдан тартысты жолдастық кездесу өтті. Спорттық рух пен шынайы достықты тоғыстырған бұл жарыста Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы білім алушылары бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — екі жоғары оқу орны арасындағы студенттік байланысты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қыздар құрамаларының ойын шеберлігін шыңдау болды.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ өте тартысты әрі қызықты өтті. Екі команданың да спортшылары жоғары дайындықтарын, ауызбіршіліктері мен жеңіске деген зор ұмтылыстарын көрсете білді. Нәтижесінде достық жеңген бұл сайыста екі университет білім алушылары да жоғары деңгейде ойын өрнегін байқатты.


Ойынға белсене қатысқан білім алушылар тізімі:
Раушанбек Нурбала ВМ-МҚА-02-26
Елеш Амина ВМ-СҚБ-05-26
Джунус Нурсезим ВМ-МҚА-08-26
Жаксылык Улжан ВМ-МҚА-07-26
Сейдулла Жания ВМ-СҚБ-02-26
Ажимхан Шугыла С-МІҚБ-11-01-25
Арапбай Балауса С-МІҚБ-11-01-25
Тұрымбетова Ұлданай В-ФӨТҚБ-01-25

Пікірлер орны (0)