
2026 жылдың 23 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму: жаһандық сын-қатерлер және жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оны кафедраның аға оқытушылары Қаратаева Ф.М. мен Сабитов Т.Ж. Фото-БББ-01-25 тобы студенттерінің қатысуымен өткізді.
Дөңгелек үстел барысында азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, жаһандық экологиялық проблемалар, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қордаланған мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын талқылады және әр адамның экологиялық жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара студенттердің көкжиегін кеңейтуге, сыни ойлауын дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.