
«Семей медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жоғары және арнаулы орта медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Әлихан Бөкейхан мұрасы – ұлт қазынасы» атты халықаралық олимпиада өткізді.
Олимпиадаға ОҚМА-ның 1–2-курс білім алушылары В. Фархадова, А. Смайыл, К. Сайлаубай, Л. Сунакбаева, Э. Арабаджиев, С. Акбарова және Т. Абдурашитова белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Білім алушылар ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
