Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академияның жергілікті және ше...
20 қараша 2026
1
0
0

Академияның жергілікті және шетелдік білім алушылары футболдан жолдастық кездесу өткізді

2026 жылдың 18 қараша күні Ақарыс стадионында академиямыздың жергілікті білім алушылар құрама командасы мен алыс шетелден келген білім алушылар құрама командасы арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Бұл шара жастар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлтаралық достық пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қос команда тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жергілікті білім алушылар ұйымшылдық пен жүйелі шабуылға иек артса, алыс шетел білім алушылары жылдамдық пен жеке шеберліктерін паш етті. Алаң жиегіндегі жанкүйерлер де екі командаға барынша қолдау көрсетіп, ойынның көрігін қыздыра түсті.
Тартысқа толы матч 3:5 есебімен алыс шетел білім алушылардың пайдасына аяқталды.


Кездесу соңында қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, естелік суретке түсті. Мұндай спорттық іс-шаралар алыс шетел білім алушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне және өзара татулығын арттыруға зор септігін тигізеді.

Пікірлер орны (0)