
2026 жылдың 20 қарашасында «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті Айнұр Әділбекова ИПО 05-26 тобының кураторымен бірлесе отырып, «Академиялық адалдықтан кәсібилікке» тақырыбында тәрбие жұмысын ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара барысында академиялық адалдық қағидаларын сақтау, кәсіби этика, жеке жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Білікті әрі жауапты мамандарды даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде академиялық адалдықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу интерндердің кәсіби құндылықтарын, этикалық ұстанымдарын және болашақ кәсіби қызметіне адал әрі жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Кездесу барысында интерндер академиялық адалдық қағидаларын бұзуға байланысты нақты жағдаяттарды талқылап, оқу және кәсіби ортадағы адалдық пен әділдіктің маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар этикалық нормалар мен адалдық қағидаларын сақтау сенімнің, кәсіби беделдің және болашақ маманның табысты мансабының негізі болып табылатыны туралы ортақ пікірге келді.