Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық – сапалы...
13 қараша 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы Әлиев Дәулет Сабырұлы студенттерге арналған «Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының оқытушылары Авизова З.К., Жақсыбекова И.С. және Ғалижанқызы М. қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің академиялық адалдық қағидаттары туралы түсініктерін кеңейту, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және академиялық әдеп нормаларын сақтауға тәрбиелеу. Кездесу барысында аға оқытушы студенттерге академиялық адалдық ұғымын, оның негізгі қағидаттарын және білім беру жүйесіндегі маңызын жан-жақты түсіндірді. Адалдық, әділдік, жауапкершілік, сенім және өзара құрмет сияқты маңызды құндылықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, академиялық адалдықты бұзудың негізгі түрлері, атап айтқанда, плагиат, емтихан кезінде көшіру, өзгенің жұмысын авторын көрсетпей пайдалану, мәліметтерді бұрмалау және академиялық әдепке қайшы басқа да әрекеттер туралы ақпарат берілді.
Оқытушы академиялық адалдық қағидаттарын сақтау білім сапасын арттыруға, студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Әсіресе, болашақ медицина мамандарын даярлауда адалдық пен кәсіби әдептің маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.
Іс-шара соңында академиялық адалдықтың болашақ маманның тұлғалық және кәсіби қалыптасуындағы маңызды рөліне тоқталды. Мұндай іс-шаралар студенттер арасында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және сапалы білім алуға ынталандыруға бағытталған.

Пікірлер орны (0)