Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық лигасы»
18 қараша 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық лигасы»

Бірінші курс студенттеріне 9.11.2026 күні Академиялық адалдық лигасының қызметі  туралы ақпараттық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарымен, білім беру үдерісіндегі адалдық мәдениетінің маңызымен және білім алушылардың жауапкершілігімен танысты. Плагиаттың алдын алу, тапсырмаларды өз бетінше орындау, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және университеттің академиялық талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған іс-шара бірінші курс студенттерінің академиялық мәдениетін қалыптастыруға және адалдық, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын ұстануына бағытталды.

Дәрісті өткізуге жауаптылар: Жұмағұлова Г.К. және Баймаханова А.Б.

Пікірлер орны (0)