Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Адалдық сағаты» тақырыбында т...
8 қазан 2026
1
0
0

«Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

ОҚМА Акушерлік және гинекология кафедрасында  академиялық адалдық кодексін, Сыбайлас жемқолыққа қарсы саясат, стандарт, ішкі тәртіп ережелерін білім алушыларға таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 
Іс-шара барысында білім алушыларға Академиялық адалдық кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Академиялық адалдық стандарты және ішкі тәртіп ережелерінің негізгі талаптары түсіндірілді. Академиялық адалдықты сақтау, әділдік пен жауапкершілік таныту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне жол бермеу және оқу тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.
Оқытушылар білім алушыларға оқу барысында әрдайым адалдық пен әділдікті басты қағида етіп, өз білімдері мен еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды тіледі. Сонымен қатар, ішкі тәртіп ережелерін сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Пікірлер орны (0)