
2026 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасында білім алушыларға арналған «Адалдық сағаты» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Ж. Е. Джакупова лекция форматында өткізді. Іс-шараға ВМ-МОқА-07-26 және ВМ-МОқБ-07-26 топтарының білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында студенттерге ОҚМА-ның Академиялық адалдық кодексінің негізгі қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың талаптары, білім беру үдерісіндегі стандарттар мен жауапкершілік қағидалары, сондай-ақ білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Сонымен қатар, академиялық ортада адалдық, ашықтық, жауапкершілік және кәсіби этика қағидаларын сақтау маңыздылығы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың академиялық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және адал білім беру ортасын нығайту.