Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Адалдық мәдениеті – білім алу...
17 қараша 2026
1
0
0

«Адалдық мәдениеті – білім алушының және болашақ маманның жауапкершілігі»

2026 жылдың 9 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жұқпалы аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастыруымен «Адалдық мәдениеті – білім алушының және болашақ маманның жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға академиялық адалдықтың маңызын түсіндіру, университеттің ішкі тәртіп талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру және болашақ маманның кәсіби жауапкершілігін күшейту.

Конференция барысында білім алушылардың оқу процесіндегі құқықтары мен міндеттері, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, академиялық адалдық қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және кәсіби жауапкершілік мәселелері қамтылды.

Конференция бағдарламасы аясында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

1-«Университеттің ішкі тәртіп ережелері: құқықтар, міндеттер және жауапкершілік» – Әуезханов С.П.

2-«Академиялық адалдық – білім сапасы мен кәсіби жауапкершіліктің негізі» – ВМ-ПҚБ-01-23 тобының білім алушылары Әбдірахманұлы Дінмұхаммед және Долбахова Шұғыла;

3-«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ: құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік» – ВМ-ПҚ-02-23 тобының білім алушысы Жумагулова Аделя;

4-«Адалдық мәдениеті – болашақ маманның кәсіби құндылығы» – ВМ-ПҚА-01-23 тобының білім алушысы Үсен Мөлдір.

Конференция қорытындысында адалдық мәдениеті білім алушының жеке жауапкершілігінен басталып, болашақ маманның кәсіби ұстанымына ұласатын маңызды құндылық екені атап өтілді.

Пікірлер орны (0)