
ОҚМА «Медбиофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, «Адал адам – адал еңбек» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға адалдық пен адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, парасаттылық пен әділдік қағидаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті арттыру. Әс-шара барысында адал адам болудың негізгі қағидалары, еңбектің адам өміріндегі орны, әділдік пен жауапкершіліктің қоғам дамуындағы рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту, өз еңбегімен жетістікке жету, әділ шешім қабылдау және қоғамдық ортада адалдық қағидаларын ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, адал еңбек ету, заңды құрметтеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және қоғамға пайдалы азамат болу жөнінде пікір алмасты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастырып, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, адал еңбек пен әділдікті өмірлік ұстаным ретінде қабылдауына ықпал етеді.