
2026 жылғы 6 қараша күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай әлеміндегі ақ халаттылар» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға В-ФҚАБ-01-26 тобының студенттері қатысып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен дүниетанымы, оның адамгершілік, білім мен ғылым туралы өсиеттері жайында ой бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және ұлы ақынның даналығын болашақ медицина мамандарының кәсіби ұстанымдарымен байланыстыру.