«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тарихы 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалының құрылуынан басталады. Сол институттың құрамында «Кеңес Одағының Коммунистік партиясының тарихы» кафедрасы ашылған болатын.
Құрылу кезеңінен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қоғамдық және гуманитарлық пәндердің оқытылу сапасын арттыру бағытында қызмет етуде.
Кафедраны әр кезеңдерде басқарғандар:
-
Е.Ә. Әбдіқұлов — т.ғ.к., доцент
-
М.А. Жанысбеков — т.ғ.к., доцент м.а.
-
Л.С. Майлыбаева — п.ғ.к., доцент м.а.
-
Ж.О. Нұржанбаева — доктор PhD (2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасын басқарады)
Қазіргі таңда кафедраның құрамында 5 ғылым кандидаты мен доценті, 3 аға оқытушы, 1 оқытушы, 1 аға лаборант пен 1 лаборант қызмет атқарады.
Кафедра меңгерушісі: Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы, PhD доктор.
Кафедраның міндеттері
-
Кафедра құзіреттілігі аясында ОҚМА-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
-
Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау;
-
Кафедра оқытушыларының кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру;
-
Студенттерге дәрістерді оқыту және жатақханада кезекшілік барысында үнемі тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Негізгі оқу курстары
Барлық білім беру бағдарламасында: бакалавриат, магистратура студенттері үшін оқытылатын пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.
Бакалавриат
-
Қазақстан тарихы
-
Әлеуметтік-саяси білім модулі: Психология және мәдениеттану
-
Құқықтық, қаржылық-экономикалық, экологиялық және ғылыми білімдер: Құқық негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Ғылыми зерттеу әдістері
Магистратура
Оқытылатын пәндердің жаңартылуы
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының басты бағыты — Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелерін бекіту, сондай-ақ бакалавриат және магистратурада оқылатын негізгі және элективтік пәндердің типтік бағдарламаларына сай оқу-әдістемелік кешендерін жаңартып, толықтырып отыру.
Оқу-әдістемелік басылымдар
Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады:
-
Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С., Еркинбекова А.С. Психология және мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2019 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С., Абдурахманов Н.А., Нигматуллина Ш.Ш. «MODERN HISTORY OF KAZAKHSTAN». Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2020 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент. «Нұрлы бейне» баспасы. 2020 ж. 280 б.
-
Нұржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С., Беккулова А.А., Ибраимова А.Ж. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша электронды оқу құралы. Шымкент, 2021 ж.
-
Ж.О. Нуржанбаева, Ғ.С. Айдарбекова, А.С. Еркінбекова., А.А. Беккулованың «Психология және мәдениеттану» атты электронды оқу құралы. Шымкент, 2022 ж.
-
Турадилов М.У., Утегенов Б.Д., Ибраимова А.Ж. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша практика сабағына арналған оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2023 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О., Еркінбекова Ә.С., Маликов М.М., Махатова Л.Т. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2024 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О., Турадилов М.У., Айдарбекова Г.С. Практикум по дисциплине «Методы научных исследований». Шымкент, 2025 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О. «Білім беру технологиялары». Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2025 ж.
-
Нуржанбаева Ж.О., Турадилов М.У., Айларбекова Г.С., Махатова Л.Т. «Methods of scientific research». Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2026 ж.
Кафедраның ғылыми басымдықтары
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын үш бағытта іске асырады:
-
Қазақстан тарихындағы рухани жаңғыру мәселелері.
-
Медициналық жоғары оқу орындары жүйесіндегі психологиялық-мәдениеттанулық білім беру аспектілері.
-
«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында азаматтық ұстаным мен құндылықтық бағдарларының қалыптасуының мәселелері.
Кафедраның ПОҚ халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларында, симпозиумдарда белсене қатысуда. ҚР БжҒСБ ұсынған және SCOPUS базаларындағы ғылыми журналдарында мақалалары жариялауда. Хирш индексі бар, зияткерлік меншіктік авторлық құқық Куәлігі алынған. Кафедрада қазіргі кезеңге дейін ПОӘК, электрондық оқулықтар әзірленген және тиражы 2000 экземплярдан тұратын 10 оқу құралы баспадан шықты.
Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Нуржанбаева Жанат Оралбайқызының Скопус базасында жариялаған еңбектері:
-
Zhanat Nurzhanbayeva. The Level Indicators of the Professional Readiness of Future Teachers to Dual Training. Man In India, 97, 2019 (21): 705-714 © Serials Publications.
-
Zhanat Nurzhanbayeva. Semantic Guidelines and Conceptual Basis of a Social Education Teacher Professional Mobility in the Pedagogical Science. Journal of Intellectual Disability - Diagnosis and Treatment, 2020, 8, 560-566.
-
Dual education conditions for pedagogical bases of specialists inclusive training // Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue 3, (2022) 765-771.
-
Zhanat Nurzhanbayeva. Coaching as a tool for developing inclusive leadership competencies in engineering and STEM teacher education: Comparative analysis. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(6) 2025, pages: 573-581.
Академиялық сапа менеджменті жүйесі және жетістіктер
Академиялық сапа менеджменті жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру аясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында білім беру сапасын қамтамасыз ету, оқу үдерісін жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және білім алушылардың кәсіби әрі тұлғалық құзыреттерін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады.
-
Оқу үдерісі: Заманауи педагогикалық технологиялар, модульдік, интерактивті және білім алушыға бағытталған оқыту әдістері қолданылады. 2025 жылғы 11 қарашада білім алушылардың soft skills дағдыларын қалыптастырудың инновациялық әдістеріне арналған әдістемелік семинар өткізілді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы біліктілікті арттыру курстарына тұрақты қатысып, кәсіби және педагогикалық құзыреттерін жетілдіреді.
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстары: Ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылады. 2025 жылғы 23 қазанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарихы, қазіргі заман және дамудың жаңа белестері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 2026 жылғы 7 сәуірде кафедраның «Cure Vitae» студенттік командасы «БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары контекстіндегі денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары» тақырыбындағы халықаралық студенттік ғылыми олимпиадада III орынға ие болды.
-
Тәрбие жұмысы: Білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриоттық және ұлттық құндылықтарын, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Осы бағытта «Заң» клубы, «Парасат» үйірмесі және тәлімгерлік қызмет тұрақты түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жатақханаларда білім алушылармен ақпараттық-түсіндіру және тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
-
Марапаттар: 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Академияның KPI көрсеткіштерін орындау нәтижесінде кафедра «Үздік тәлімгер» және «Үздік кафедра» номинациялары бойынша Дипломдармен марапатталды.
Жалпы, кафедраның қызметі Академияның стратегиялық даму бағыттарына және академиялық сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылып, білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, оқытушылардың кәсіби әлеуетін жетілдіруге және білім алушылардың кәсіби, әлеуметтік және азаматтық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.