Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы
Кафедра тарихы
Тіл пәндері кафедрасы 1979 жылы Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтының филиалы болып ашылғаннан бастап, кафедра меңгерушісі қызметін филология ғылымадының кандидаты, доцент Т.Б.Байжанов атқарды.
2000-2006 жыл аралығында кафедраны филология ғылымдарының кандидаты М.Д.Мұсабаева басқарды.
2004 жылы қыркүйек айынан бастап, қайта құрудың нәтижесінде орыс тілі кафедрасы құрылды, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.
Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы 2006-2012ж.ж. аралығында қазақ тілі мен латын тілдері кафедрасының меңгерушісі болды.
Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы - филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен латын тілі тілі кафедрасын 2012 -2014 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі ретінде басқарды.
2015ж. орыс тілі кафедрасын қазақ тілі кафедрасымен біріктіру нәтижесінде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы құрылды. Кафедраны ф.ғ.к, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.
Сол жылы кафедрадан қазақ тілі мен латын тілі курсы бөлініп, курс меңгерушісі болып Е.Қ.Сәлім бекітілді.
2018 жылдың 1 маусымынан бастап қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты Ибраева Ляззат Бостановна басқаруда.
Ибраева Ляззат Бостановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 1995 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы «Изучение иностранного языка в педвузе как фактор гуманистического развития личности будущего педагога» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Шифры: 13.00.08 – кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі. Электрондық поштасы Ibraeva_L@mail.ru
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының негізгі міндеттері
• Тіл біліктілігін қалыптастыру.
• Таңдаған сала бойынша мамандық тіліне үйрету.
• Оқуда, тыңдауда, жазуда, сөйлеуде коммуникативтік және сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру.
• Студенттерді сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздерімен ғылыми пән ретінде таныстыру.
• Студенттердің түрлі салаларда ауызша және жазбаша түрінде пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру.
• Қазіргі әдеби тілінің функционалдық стилінің ерекшеліктерін меңгеруді қамтамасыз ету.
• Жеке және қызметтік құжаттарды құрастыру, іскерлік қағаздарды рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.
• Студенттерге сөйлеу этикасын және тілдің этикалық формулаларын үйрету.
• Шетел студенттеріне орыс және қазақ тілдерін оқып-үйренуге жағдай жасау.
• Шетел студенттерін үш жүйедегі (анатомиялық-гистологиялық, клиникалық және фармацевтикалық) медициналық терминологиялық негіздеріне үйрету.
• Шетел студенттерінің жаңа әлеуметтік тілдік және мәдени ортада бейімделуін жеңілдету.
Негізгі оқу курстары
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында төмендегі пәндер оқытылады:
• Қазақ тілі
• Орыс тілі
• Латын тілі
Пәндер қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқытылатын пәндердің жаңартылуы
6В10101 – Жалпы медицина, 6В10102 – Педиатрия, В10103 – Стоматология, В610104 – Мейіргер ісі, 6В10106 – Фармация, 6В10105 – Қоғамдық денсаулық, 6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалаврларына арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Латын тілі», пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендері жыл сайын жаңартылады.
Кафедраның ғылыми басым бағыттары
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ғылыми жұмысы медициналық білім беруде көптілді коммуникативтік ортаны қалыптастыруға және дамытуға, сондай-ақ тілді инновациялық және интербелсенді оқыту жолымен студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ-ы 17 адамды құрайды:
1 кафедра меңгерушісі, 1 профессор м.а., 5 доцент, 8 аға оқытушы, 2 аға лаборант.
1. Ибраева Л.Б. – қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
2. Сәлім Е.Қ. – қазақ тілі мен латын тілі курс меңгерушісі, доцент м.а.
3. Арысбаев А.А. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты
4. Маханова Г.Б. – профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты
5. Даркулова К.Н. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты
6. Темирбекова Ж.К. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты
7. ҚасымбековаА.Н. – доцент м.а.
8. Кемелхан Д.Ж. – аға оқытушы, филология ғылымдарының магистрі
9. Нурмаханова Г.К. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
10. Абдуллабекова А.Т. – аға оқытушы
11. Жакипова А.С. – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
12. Каспанова Ф.А. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
13. Кемелова Г.М. – аға оқытушы
14. Альмаханова Г.Т. – аға оқытушы
15. Утегенова Г.М. – аға оқытушы
16. Дүйсенбі З.Б. – аға лаборант
17. Еримбетова М.К. – аға лаборант
Кафедраның мекен-жайы:
Шымкент қаласы, әл-Фараби алаңы 1, №3 корпус, 2 қабат. Телефон 40-82-22, ішкі 4087, 4088
Эл. пошта: Ibraeva_L@mail.ru, kaz.tili@mail.ru
