Қалыпты анатомия кафедрасы
Кафедра тарихы
1992 жылы Шымкент фармацевтика институтының негізінде жалпы медициналық (емдеу) факультеті ашылуына байланысты «Қалыпты анатомия, гистология, медицина тарихы» кафедрасы ұйымдастырылып, сол жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады.
1994 жылы ҚР Министрлер кабинетінің шешімімен Шымкент фармацевтика институты Шымкент медицина институты, ал 1997 жылы аталған институт Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды.
Жаңадан ашылған (1992ж) анатомия, гистология кафедрасына сол кездегі институт ректоры профессор К.Ұ. Үшбаев пен оқу ісі проректоры проф. К.Ә. Әділбековтың қолдауымен Алматыдан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінен м.ғ.к., доцент Сақыпбеков Асылхан Сақыпбайұлы шақырылып, кафедра меңгерушілігіне бекітілді. Келген күннен бастап доцент Сақыпбаев А.С. кафедраның материалдық-техникалық базасын құруға, оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға және оқытушы мамандармен қамтамасыз етуіне үлкен еңбек етіп, көрнекті үлес қосты. Анатомия пәнінен алғашқы ассистент Юсупов Аманкелді Мамаевич, гистологиядан ассистент Рақымбердиев Төлеш Әдбіразақович жұмыс бастаған болатын.
Доцент Сақыпбаев А.С. кафедрада алғаш рет анатомиялық мұражай мен анатомиялық препараттар дайындайтын «анатомиялық кешен» ұйымдастыру жұмыстарын іске асырған болатын.
Алғашқы жылдары кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының дамуына, жас мамандарға анатомия және гистология пәндерінен сабақ беруге машықтану, тәжірибе алмасу мақсатында Қазақ Ұлттық медицина университетінен білікті мамандар м.ғ.д., профессор Толыбеков А.С., м.ғ.д., проф. Мұсағалиева Ғ.М., м.ғ.к., доцент Сисабеков Қ.Е. т.б. арнайы шақырылып, дәрістер оқу, тәжірибелік сабақтарға анатомиялық, гистологиялық материалдар мен препараттар дайындау жағынан көп көмек көрсетті. Аталған мәселелердің ұйымдастырылуы тұңғыш кафедра меңгерушісі А.С. Сақыпбаевтың еңбегінің арқасында болған еді.
Доцент Сақыпбаев А.С. алғашқы күндерден бастап педагогикалық үдерістерге баса көңіл бөлді, әсіресе жас кадрлар даярлауда, олардың біліктілігін жетілдіруде, студенттердің жан-жақты білім алуына жағдай жасауға көп күш-қайрат жұмсады. Нәтижесінде жас кафедрада жаңа буын жас оқытушылар қалыптасып, оқу барысы іске аса бастады. Олардың қатарында ассистенттер Жақсыбергенов Абай Маратович, Танабаев Баймахан Дильбарханович, Орманов Марат Жаппарович, Қалымбетов Қайрат Жамбылбаевич, Досыбаев Бақытжан Қырықбаевич т.б. қызмет атқарған, өз білімдерін шыңдады.
1997 жылдың күзінде анатомия кафедрасынан бөлініп, жеке гистология кафедрасы құрылды.
1998 жылы доцент А.С. Сахыпбаев денсаулығына байланысты анатомия кафедрасының меңгерушісі міндетінен босатылып, кафедра доценті міндетін атқарды. Кафедра меңгерушісі болып, доцент Устинов В.В бекітілді.
1999 жылы анатомия кафедрасы, гистология кафедрасымен бірігіп «Морфология» кафедрасы деген атпен қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып доцент Сисабеков Қ.Е. бекітілді. Жаңа кафедрада оқу-тәрбие жұмыстарымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да белсенді жүре бастады. Кафедра меңгерушісі доцент Сисабеков Қ.Е. және кафедра доценті Жұмашов С.Н. докторлық диссертация жұмыстарымен терең айналыса бастады.
Кафедрадан осы уақыт ішінде аға оқытушылар Жақсыбергенов А.М., Танабаев Б.Д. кандидаттық диссертация қорғап, доцент дәрежесіне жетті.
2001 жылдың күзінде «Морфология» кафедрасынан гистология бөлініп, микробиология курсымен бірігіп жаңа кафедра болып құрылды. Анатомия кафедрасына топографиялық анатомия және операциялық хирургия курсы қосылып жаңа кафедра ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Сисабеков Қ.Е. бекітілді. Осы жылдарда кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмысын жоғары деңгейге көтерді. Кафедра меңгерушісі Сисабеков Қ.Е., кафедра доценті Бекетов Ғ.И. докторлық диссертациялар қорғады, аға оқытушылар Шапанбаев Н.З., Оспанов Қ.Е., Қулаев Қ.Т., және ғылыми ізденушілер Алмабаев Ғ.Ы., Қамыспаев М.У. кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғап шықты. Академияда кафедра ұжымының және оқу орынның басшыларының еңбегі арқасында 2005 жылы Қазақстан морфологтарының ІІІ ғылыми-практикалық конференциясы, 2006 жылы анатомия кафедрасының тұңғыш меңгерушісі доцент А.С. Сақыпбаевтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми конференция өткізілді. Конференция материалдары «ОҚММА Хабаршысы» журналында жарық көрді.
2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы Мемлекет басшысының шешімімен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы болып қайта құрылды. Академияда түбегейлі өзгерістер болып, көптеген кафедралар қысқарып, жаңа кафедралар құрылды. Анатомия кафедрасы, гистология және патологиялық анатомия кафедраларымен бірігіп «Морфологиялық пәндер» кафедрасы болып жұмыс істей бастады. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д. профессор Сисабеков Қ.Е. тағайындалды.
№1056 (б.2) бұйрығына сай 27.08.2015ж. өткен Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде «Морфологиялық пәндер» кафедрасы «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасымен біріктіріліп, құрамына «Гигиена-1» кафедрасынан «Дене шынықтыру және валеологиямен» пәні қосылып, жаңа құрылған кафедра «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен» кафедрасы деп аталды, кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Жолымбекова Л. Д. атқарды.
№71 п (б.2) бұйрығына сай (Хаттама №1) 31.08.2017ж өткен Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен» кафедрасы екі кафедраға:
- «Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасы;
- «Морфологиялық пәндер» кафедрасы болып бөлінді.
Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Б.Д. тағайындалды.
21.02.2018ж «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы» АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ болып қайта құрылды.
Қайта құрылуына байланысты №58п бұйрығына сай (б.6) (Хаттама №3) 13.04.2018ж өткен «ОҚМА» АҚ Басқарма Кеңесінің шешімі негізінде «Морфологиялық пәндер» кафедрасы екі кафедраға:
1. «Қалыпты анатомия» кафедрасы;
2. «Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасы болып бөлінді.
Қазіргі таңда м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Б.Д. кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
Қалыпты анатомия кафедрасында келесі пәндер оқытылады:
1. «Морфология және физиология негіздері-1» 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттеріне;
2. «Анатомия және физиология» 1 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттеріне;
3. «Анатомия, физиология және патология» 1 курс «Мейіргер ісі» мамандығының студенттеріне.
4. «Морфология және физиология» 2 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттеріне;
5. «Морфология және физиология негіздері» 1 курс «Педиатрия» мамандығының студенттеріне;
6. «Анатомия» ТжКББФ 2-курс «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Стоматология» мамандықтарының оқушыларына; «Анатомия, физиология және патология» 1 курс «Қолданбалы бакалавр» мамандығының студенттеріне.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., проф.м.а
Танабаев Баймахан Дильбарханович
Кафедра оқытушылары:
1. Танабаев Баймахан Дильбарханович – кафедра меңгерушісі, профессор м.а.
2. Мурзанова Динар Альпеовна – профессор м.а.
3. Турекулова Акжаркын Кенесовна – магистр, аға оқытушы
4. Оспанов Дакен Туленович – аға оқытушы
5. Орманбаев Қанат Серперович – аға.оқытушы
6. Джубанишбаева Гаухар Ниязкуловна – аға оқытушы
7. Игнатьева Анастасия Сергеевна– оқытушы
8. Турсункулова Жайна Кайратовна– оқытушы
9. Иманкулова Гулжан Худояровна – кабинет меңгерушісі
10. Айтжанова Жанар Сатыбалдиевна – аға лаборант
11. Ауезова Малика Кураловна – аға лаборант
Кафедрада музей жұмыс істейді.
Кафедрада өз еркімен СҒЖ айналысатын студенттермен ұйымдастырылған студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді.. Әр студентке белгіленген СҒЖ тақырыптары мен ғылыми жетекші бекітілген.Анатомиядан студенттердің ғылыми үйірмесінің нәтижелері Ақтөбе қаласында өткен морфологиялық олимпиадада ІІІ дәрежелі сертификаттармен белгіленді.
Мекен-жайы және байланыс телефоны:
Мекен-жайы: пл. Аль-Фараби, Бас ғимарат, төменгі қабат, 16 кабинет
Тел(ішкі): 263
e-mail:anatomia.2012@mail.ru
