Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Кафедраның хронологиялық тарихы 1994-ші жылдан 2021 жыл аралығын алып жатыр. Шымкент Мемлекеттік Медицина инситутының дербес бірлік ретінде патологиялық анатомия кафедрасының ашылуы 1994 жылдың 1-ші тамызында іске асты (16.08.94ж. N247к жарлығы). Қазақ Ұлттық Медицина Академиясы, Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы, Семей Мемлекеттік Медицина Академиясы, Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясынан кейінгі алтыншы патологиялық анатомия кафедрасы еді.
1996 жылы Патологиялық Анатомия кафедрасында Сот мединасы, ал 1997 жылы Клиникалық патоморфологиялық курсы ашылды.
Кафедраның клиникалық базалары болып Қалалық Патологоанатомиялық Бюро, Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан Облыстық Сот Медициналық сараптау филиалы және де Облыстық Клиникалық Аурухананың Патологоанатомиялық бөлімшесі болып саналады.
Кафедраның бастапқы ұйымдастырылуы кезінде негізгі бағыты болып оқу процесінің ұйымдастырылуы болды.
Алайда, кафедраның бастапқы ұйымдастырылуы кезінде оның штаты кафедра меңгерушісі және бңр ассистент штатынан ғана тұрса (қалған қызметкерлер қоса атқарушылар болған), ал енді 2004 жылдың басында кафедра меңгерушісі А.М. Дәурехановтан басқа м.ғ.к., доцент қ.а. Н.А. Жуманазаров, м.ғ.к. доцент қ.а. А.Ш. Садыкова, дойент қ.а. Б.А. Түлтебаев, м.ғ.к. ассистент А.А. Калашников, м.ғ.к. ассистент Б.К. Досыбаев, ассисенттер Ж.С. Қалыбаев, П.Р. Қожамкулова, Қ.Б. Абильдина А.А. Шамуратов, А.И. Кирс сабақ берді.
Доцент А.Ш. Садыкова Облыстық Клиникалық Аурухананың Патологоанатомиялық бөлімшесін басқарды.
Кафедраның құрылған уақытынан бастап, ұйымдастыруынан басқа ғылыми зерттеу, әдістемелік, емдеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 13 сәуірінен «Патологиялық анатомия Гистология» кафедрасының меңгерушісі м.а. м.ғ.к., м.а. доцент ДОСЫБАЕВ БАКЫТЖАН КРЫКБАЙҰЛЫ атқарды.
2019 жылдың 2 қыркүйегінен кафедра меңгерушісі Садыкова Алия Шамилевна тағайындалды.
Жалпы медицина факультеті 2016 жылы қайта ашылды. Осы жылы 3-ші курсқа студенттерді қабылдау жоспарлануда.
Кафедрада 1-ші, 2-ші 6-шы курс студенттері оқытылуда. Кафедра қызметкерлерімен оқу-әдістемелік нұсқаулар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, көрнекті демонстрациялық материалдар дайындалады.
Кафедрада макро және микропрепараттардың оқу мұражайы құрылды. Оқу процессі микроскоптарды қолданумен, сонымен қатар «NIKON» және «MEIJI TEXNO» аппараттық жиынтық микроскопымен, таблицаларымен, суреттермен, макро және микропрепараттармен, диафильмдер, интерактивті тақтамен жүргізіледі. Студенттер аутопсияға және леталды жағдайларды талқылауға қатысады.
Ғылыми конференциялар және съездерді дайындауға және өткізуге кафедра қызметкерлері белсенді атсалысады, баяндамамен Республикалық және халықаралық съездерде және конференцияларда сөз сөйлейді.
Кафедраның барлық қызметкерлері клиникалық қызмет жүргізеді.
Аутопсия-мәйітті ашып көру хаттамасын толтырылды. Қиыншылық тудыратын жағдайлары және де клиникалықпен патологоанатомиялық диагноздардың қайшылықтары кезінде клиникалық-анатомиялық конференцияға ұсынады. Кафедра қызметкерлері ғылими тәжірбиелік семинарларды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысады, биопсиялық және аутопсиялық материалдарға консультация беріп отырады.
Садыкова Алия Шамилевна-м.ғ.д., профессор м.а.,
кафедра меңгерушісі
Кафедра қызметкерлері:
1. Садыкова А.Ш.- м.ғ.д., профессор м.а., кафедра меңгерушісі
2. Досыбаев Б.К.-м.ғ.к., доцент м.а.
3. Сисабеков Қ.Е.-м.ғ.д., профессор
4. Тоймбетова Қ.А.-аға оқытушы
5. Абильдина Қ.Б.- ассистент, магистр
6. Маметова Д.А.- ассистент, магистр
7. Атенова Н.А.- ассистент
8. Байназаров Д.А. -ассистент
9. Юсупов Б.Х. - ассистент, магистр
10. Едіге А.Ж.- аға оқытушы
11. Дуйсембиева Ж.М.-оқытушы
12. Данияр Г.А.- оқытушы
13. Нұрман Э.А.- оқытушы
14. Туребаева Г.А.-аға лаборант
15. Токмухамедова Б.Х.- лаборант
Кафедраның орналасқан мекен жайы:
Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңы 3, ОҚМА №2 ғимараты, 4 қабат.
Электронды мекен жайы: patan.gisto@mail.ru
