Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

1227 1

 

Кафедра тарихы

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы 1981 жылы құрылды.Кафедраны 1981-1989 ж.ж. АММИ филиалының директоры, фарм.ғ.к., доцент Е.Т. Тегісбаев басқарды. 1989-2012жж. кафедраны ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова басқарды. 2012ж. бастап кафедраны фарм.ғ.д., профессор С.Қ. Ордабаева басқарады.

1227 2

Кафедраның құрылуы мен дамуына Б.Х. Рахимова, Н.В. Меркушева, Б.Т. Мендібаев, Р.Д. Кадырова, Р.М. Мырзабаева, Е.В. Задорожная, Т.А. Арыстанова, А.Б.Шүкірбекова, Г.А. Маралбаева және бүгінгі таңға дейін қызмет жасап жүрген А.О.Сопбекова, С.К. Ордабаева, Е.Г. Маховалар орасан зор үлестерін қосты.

Е.Т. Тегісбаев АММИ ШФ құрылуына, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының материальды-техникалық базасын құруға, кадрлық әлеуетпен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосты. Тек қана фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына мақсатты аспирантура арқылы КСРО-дің алдыңғы қатарлы ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарында 9 фармацевтикалық ғылым кандидаттарын дайындатып берді.

Кафедраның құрылуы мен дамуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә. Арыстанова үлкен үлес қосты. Ол 2 доктор, 14 фармацевтикалық ғылым кандидаттары дайындады. Оның жетекшілігімен ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, ҚР ИСМ қаржыландырған 1 халықаралық және 3 республикалық ғылыми-техникалық жобалар орындалған.

 

Кафедра жұмысының мақсаты фармацевтикалық және химия-токсикологиялық талдау аймағында терең теориялық және тәжірибелік дайындығы мен кәсіби біліктілігі жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.

Кафедраның негізгі міндеттері: 

• мамандықтардың мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес терең теориялық және тәжірибелік дайындыққа ие, дағдылар мен кәсіби біліктілігі бар мамандар дайындау.

• алдыңғы жылдардан жинақталған әдістемелік және кадрлық ресурстарды барынша пайдалану және дамыту.

• студенттер мен оқытушылар құрамының шығармашылық бастамаларын дамыту.

Кафедра 2,3,4,5 курс фармацевтика факультеті студенттерін 5В110300 - «Фармация» және 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде оқытатын бейінді және бітіртуші кафедра болып табылады. I және II жыл магистранттарын 6М110400 – «Фармация» мамандығы бойынша оқыту екі бағытта жүргізіледі: ғылыми-педагогикалық және бейінді. Техникалық және кәсіби білімді мамандар даярлау факультетінің (ТжКБМДФ) 2,3 курс студенттері мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алады.

Кафедра «Фармация» мамандықтары саласында бакалаврларды келесі бағыттар бойынша дайындауды іске асырады: жалпы тәжірибелі фармацевт; фармация менеджері; клиникалық фармацевт; «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша құралдар мен жабдықтарға қызмет көрсету бойынша инженер-технолог; инженер-жобалаушы – конструктор.

5В110300 - «Фармация» мамандығы бойынша 2017 жылы ҚР МЖББС (бакалавриат) сәйкес кафедрада келесі пәндер оқытылады:

1. Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері, 90 сағат (2 кредит), 3 курс, 6 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады; 

2. Фармацевтикалық химия, 180сағат (4 кредит), 4 курс, 8 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады; 

3. Токсикологиялық химия, 180 сағат (4 кредит), 5 курс, 9 семестр,қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.

Таңдау бойынша компоненттер (элективті пәндер) қатарына келесі пәндер жатады:

1. Фармациядағы физика-химиялық зерттеу әдістері, 90 сағат (2 кредит), 2 курс, 4 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

2. Табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды талдау, 180 сағат (4 кредит), 4 курс, 7 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

3. Дәрілік заттарды стандарттау және метрология 90 сағат (2 кредит), 5 курс, 9 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

4. Биоаналитикалық химия и токсикология, 90 сағат (2 кредит), 5 курс, 10 семестр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады.

Өндірістік тәжірибені жүргізу жүзеге асады: «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» 75 сағат (1 кредит); «Токсикологиялық химия», 75 сағат (1 кредит).

Кафедрада 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша (бакалавриат) 2017 жылы ҚР МЖББС сәйкес «Жалпы химиялық технология» міндетті пәні оқытылады, 90сағат (2 кредит), 3 курс, 6 семестр, қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.

Аталған мамандыққа сай таңдау бойынша компоненттер (элективті пәндер) қатарына келесі пәндер жатады:

1. Жалпы химиялық технология, 135 сағат (3 кредит), 3 курс, 5 семестр, қазақ, орыс тілдерінде оқытылады;

2. Фармацевтикалық талдаудың әдістері мен құрылғылары, 90 сағат (2 кредит), 4 курс, 7 семестр, қазақ, орыс тілдерінде оқытылады.

Кафедра қызметкерлерімен ОӘК-не модульді оқу бағдарламасы (МОБ) жасалды:

1. МОБ «Дәрілік затардың сапасын бақылау I»: 

• Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері (3 курс, 2 кредит);

• Табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды талдау (4 курс, 4 кредит).

2. МОБ «Дәрілік затардың сапасын бақылау IІ»: 

• Фармацевтикалық химия (4 курс,4 кредит);

• Дәрілік заттарды стандарттау және метрология (5 курс, 2 кредит);

• Өндірістік тәжірибе: «Дәрілік заттардың сапасын бағалау және стандарт-тау» (5 курс, 1 кредит).

3. МОБ «Токсикологиялық химия»:

• Фармациядағы физика-химиялық талдау әдістері (2 курс, 2 кредит);

• Токсикологиялық химия (5 курс, 4 кредит);

• Биоаналитикалық химия и токсикология (5 курс, 2 кредит);

• Өндірістік тәжірибе: «Токсикологиялық химия», 75 сағат (5 курс, 1 кре-дит).

4. МОБ «Химиялық технология»:

• Жалпы химиялық технология (3 курс, 3 кредит);

• Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы (3 курс, 2 кредит);

• Фармацевтикалық талдаудың әдістері мен құрылғылары, (4 курс, 2 кредит).

Магистратура деңгейінде «Фармация» мамандығы бойынша келесі пәндер өтеді: «Талдаудың инструментальды әдістері», «Дәрілік заттардың құрылымдық талдауы», «Ғылыми жұмыстарды орындау методологиясы», «Дәрілік заттардың өндірістік жағдайы мен сапасын бағалау», «Жаңа дәрілік заттарды жасауда GLP ережелері». Бүгінгі күнге дейін кафедрада 10 фармация магистрлері дайындалды, 4 дайындау сатысында.

2-3 курс студенттері «Фармация» мамандығы бойынша техникалық кәсіби білімді мамандар даярлау факультетінде (ТКБМДФ) «Фармацевтикалық химия» пәнін оқиды. 

Кафедра оқытушылары «Отандық өсімдік шикізаты негізінде алынатын дәрілік препараттарды іздестіру, жасау және ендіру» ғылыми-зерттеу бағытында мақсатты бағытталған жұмыстар жасауда.

Кафедраның приоритетті ғылыми бағыттары: 

1. Мия тамыры, дермене жусан компоненттерінің биологиялық белсенді қосылыстары негізінде бағытталған ізденістер мен жаңа модифицирленген субстанциялар алу; 

2. Отандық өсімдік шикізаты негізінде эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттар жасау және стандарттау;

3. Физика-химиялық әдістерді қолданып дәрілік препараттарды талдау әдістерін өңдеу мен жетілдіру;

4. Уытты және күшті әсерлі затардың химия-токсикологиялық талдауы. 

 

Қазіргі уақытта С.Қ. Ордабаеваның жетекшілігімен кафедрада 10 магистр дайындалды.

Кафедра қызметкерлері ғылыми-техникалық жобаларды орындауда:

1. «Отандық өсімдік шикізаты негізінде простатопротекторлы әсері бар оригиналды, тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды жасау» халықаралық деңгейде бастамалы ғылыми-техникалық жобасы атқарылуда. Ғылыми зерттеулер «PHYTO-APIPHARM» ЖШС (Шымкент қ.) және Ұлттық Фармацевтикалық Университеттерімен (Харьков қ.) серіктестікте жүргізілуде. Орындалу уақыты: 2015 –2019жж.

2. «Отандық өсімдік шикізаты негізінде эффективті және қауіпсіз дәрілік препараттар жасау» ғылыми-техникалық жобасы. Орындалу уақыты: 2018 –2021 жж.

 

Кафедра қызметкерлері келесі мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының (ҚРМЖББС) авторлары болып табылады: 0902 – «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)» (ҚРМЖББС, 1998ж.); 0409 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (ҚРМЖББС, 1998ж.); 051103– «Фармация» («Бакалавриат» ҚРМЖББС, 2006ж.); 7.09.111 - «Фармация» («Магистратура» ҚРМЖББС, 2009ж.); 5В110300 «Фармация» («Бакалавриат» ҚРМЖББС, 2017ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген).

Кафедра қызметкерлері «Әлеуметтік саладағы менеджмент (фармация)», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары пәндері бойынша 16 типтік оқу бағдарламаларының бірлескен авторлары болып табылады. 

Кафедра оқытушыларымен бірге ҚР алдын-ала патенттері -24, дәрілік препараттарға тіркеу куәліктері – 5, уақытша фармакопеялық мақалалар – 5, 650-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде халықаралық басылымдар, ғылыми форумдар материалдарында – 200-ге жуық (АҚШ, Ресей, Австрия, Италия, Финляндия, Таиланд, Чехия, Болгария, Украина және т.б.), республикалық – 400-ден астам, 5 монография, 9 шолу, 13 оқу құралдары, 2 лабораториялық практикум жарық көрген.

Кафедра білім беру үдерісі және ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында халықаралық ынтымақтастық бойынша нақты жұмыстар жүргізеді. 

Кафедраның дамуына И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика факультетін басқарған МҒРА Академигі А.П. Арзамасцев аталған ЖОО профессорларын біздің ЖОО шақыртумен дәрістер, семинарлар, кеңес берулерді ұйымдастыру арқылы үлкен қолдау көрсеткен. А.П. Арзамасцевтің жетекшілігімен кафедра үшін 3 фармацевтикалық ғылымдар кандидатын дайындаған.

ОҚМФА Ғылыми кеңесімен және Сеченов атындағы I Мәскеу мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп (2014 ж.) бекітілген «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы, ОҚМФА Ғылыми Кеңесімен және БММУ (2016 ж.) бекіткен «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы.

I Мәскеу мемлекеттік медицина университеті және ОҚМА Ғылыми кеңесімен (2014 ж.) бекітілген «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» атты бірлескен әдістемелік құрал шығарылды, ол 2018 жылы толықтырылып, қайта жарық көрді (Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа).

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісіне шетел оқытушыларын шақыру бойынша «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында кафедра алғаш рет шақыруды ұйымдастырды: профессор Г.В. Раменская, доценттер В.М. Печенников пен А.М. Власов, В.В. Смирнов (I МММУ, Мәскеу, Ресей Федерациясы); доцент Н.Ю. Бевз (ҰФАУ, Харьков, Украина); профессор Ф.А. Халиуллин (БММУ, Уфа, Ресей); профессор Josef Jampilek (Ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар Университеті, Брно қ., Чехия Республикасы); асс.профессор Б. Вельгомас (ГМУ, Гданьск, Польша); профессор А.Б. Шүкірбекова («Астана» МУ, Қазақстан Республикасы) және т.б. 

Профессор С.К. Ордабаеваның сыртқы шақыртуы БММУ және ГМУ базасында мастер-кластар, практикалық сабақтар өткізу және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асты.

Кафедра 2015 жылдан бастап жыл сайын оқу-ғылыми зертхана базасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өту мақсатында И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті және Башқұрт Мемлекеттік медицина университетінің студенттерін қабылдайды.

Дуальды білім беру фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында 5 курс студенттерімен «Дәрілік заттарды стандарттау және метрология» пәні бойынша «Химфарм» АҚ - Santo Member of Рolpharma Group» өндірістік базасында теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында жүзеге асырылды.

3-5 курс студенттерінен құралған «Фармация болашағы» атты студенттік ғылыми үйірме ұйымдастырылған, онда жыл сайын ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдарға және жас ғалымдар мен студенттік жастар симпозиумына белсенді қатысады. 20 аса студенттер жыл сайын өтетін жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларының жеңімпаздары болып табылады.

 

Бүгінгі таңда кафедрада 15 оқытушы, оның ішінде 1 доктор, 6 фармацевтикалық ғылымдарының кандидаттары, 5 – фармация магистрлері, 4 магистранттар жұмыс жасайды:

1. Ордабаева Сауле Кутымқызы - фарм.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі;

2. Сопбекова Анаркул Онлабекқызы - фарм.ғ.к., профессор м.а.;

3. Асильбекова Акмарал Джиенбекқызы - техн.ғ.к., профессор м.а.;

4. Серикбаева Айгуль Джумадуллақызы - фарм.ғ.к., доцент м.а.;

5. Турсубекова Баян Изтелеуқызы - фарм.ғ.к., доцент м.а;

6. Коротков Владимир Андреевич - фарм.ғ.к., аға оқытушы;

7. Кадеева Мансия Садилқызы - фарм.ғ.к, доцент;

8. Махова Елена Геннадьевна - фармация магистрі, аға оқытушы;

9. Каракулова Айжан Ширинбекқызы - фармация магистрі, аға оқытушы;

10. Нурханова Гульнара Жаксылыкқызы - фармация магистрі, оқытушы;

11. Дуйсебаев Шынгискан Ергалиұлы - фармация магистрі, оқытушы;

12. Данилина Александра Яковлевна - фармация магистрі, оқытушы;

13. Джанаралиева Каха Саидқызы - аға оқытушы;

14. Айтымбетова ӘселНұржанқызы - оқытушы;

15. Аксеитова Асия Жарасқызы - оқытушы;

16. Мирсоатова Мохинур Абдикаххарқызы – II оқу жылы магистранты;

17. Бидайбек Рамазан Нургазыұлы - II оқу жылы магистранты;

18. Алтынбек Дана Турганкулқызы - I оқу жылы магистранты;

19. Сабырхан Аякоз Бахтиярқызы - I оқу жылы магистранты;

20. Есмурзаева Багила Сатыбалдықызы - аға лаборант;

21. Рысбекова Мейрамкуль Абдрахманқызы - лаборант;

22. Ділләбек Айгуль Қайратқызы - лаборант;

23. Джиянбекова Гульназ Джанболатқызы - лаборант.

 

 

Кафедра мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы-1.

Е-mail: phamchim@mail.ru

Сымтетік: 408-222 (ішкі 226)

 

 

 

 

2023-05-30 01:50:53 12:08
1187 қаралым