«Дәрілер технологиясы» кафедрасы

 

Кафедра тарихы

Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылар: Рысбекова З.М., Усенбаева Р.Б. Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтында Сағындықова Б.А. аспирантурада дайындықтан өтіп жатты.
1982 жылы "Дәрілердің өндірістік технологиясы", 1983 жылы "Биофармация" курстары ашылды. Дәрілер технологиясы кафедрасында:
- Чукурова Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент - 1981-1993 ж.ж.
- Меңдібаев Б.Т. фармация ғылымдарының кандидаты, доцент -1993-1997 ж.ж.
- Сағындықова Б.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор - 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Сағындықова Баян Ахметқызы – «Дәрілер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі,

фармация ғылымдарының докторы, профессор.

 

Кафедра міндеттері

Кафедрада өз ғылыми мектебі құрылды. Профессор Б.А. Сағындықованың басшылығымен 6 фармация ғылымдарының ізденушілері кандидаттық диссертация қорғаған.
Дәрілер технологиясы кафедрасы фармацевтика факультетінің белді кафедраларының бірі ретінде жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосуда. Кафедра лабораторияларында қазіргі заманға сай қондырғылар орнатылған, приборлар, техникалық оқу құралдары бар.
Мамандарды 6В10106 – «Фармация», 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 0306000 – «Фармация» (орта кәсіптік білім), 7М10142 - «Фармация» магистратура және 8D10140 – «Фармация» докторантура мамандықтары бойынша дайындайды.

 

Кафедра қызметкерлері 10-нан жоғары оқулықтар мен оқу құралдарын орыс және қазақ тілдерінде дайындап шығарды (2003 жылдан бері).
- Б.А. Сағындықова «Дәрілердің өндірістік технологиясы» оқулығы – Шымкент.– 2008. – 346 бет;
- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» оқулығы - Шымкент.– 2008. – 436 бет;
- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Биофармация және дәрілік препараттарды биофармацевтік зерттеу» оқулығы – Шымкент.– 2021. – 206 бет;
- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы» оқулығы – Шымкент.– 2021. – 427 бет
- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» оқулығы (өңделген және толықтырылған) – Шымкент.– 2021. – 560 бет;
- Б.А. Сагиндыкова, Б.О. Торланова, Р.М. Анарбаева, Б.С. Кыдыралиев «Биофармация и элементы фармакокинетики» оқу құралы – Шымкент.– 2008. – 62 бет;
- Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы» – Шымкент.– 2013.– 329 стр.

 

Кафедра ұжымымен 1981 жылдан бері 400 аса ғылыми еңбектер басылып шықты, дәрілік препараттарға 2 тіркеме куәлік, 5 Уақытша Фармацевтикалық мақала, ҚР 14 алдын-ала патенті, 4 авторлық куәлік алынды.
1999 жылдан бастап дәрілер технологиясы кафедрасында жоғары және орта фармация мамандары үшін келесі цикл бойынша біліктілікті жетілдіру курстары өткізіледі:
1. Дәрілік құралдар өндірісіндегі инновациялық технологиялар.
2. Фармацевтикалық технологияның актуальды мәселелері.
2011 жылдан бастап жоғары және орта білімді мамандардың біліктілігін жетілдіру мақсатында Батыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында циклдар ұйымдастырылған.
Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. 1991 жылдан бері 60-тан астам дипломдық жұмыстар мен жобалар қорғалды. Студенттер халықаралық, республикалық, аймақтық олимпиадаларға қатысады.

 

Негізгі оқыту пәндері

Кафедрада оқу жұмысы ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығына және кафедра жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Пәндер бойынша ПОӘК әзірленді және бекітілді:

 

6В10106 - «Фармация» (бакалавриат) мамандығы бойынша:
1.    «Мамандыққа кіріспе»;
2.    «Дәрілік түрлер технологиясы»;
3.    «Экстракциялық препараттар технологиясы»;
4.    «Дәрілердің өндірістік технологиясы»;
5.    «Инновациялық фармацевтикалық технология»;
6.    «Фармацевтикалық гигиена»;
7.    «Фармацевтикалық биотехнология».

 

6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бакалавриат) мамандығы бойынша:
1.     «Фармацевтикалық технология негіздері»;
2.    «Дәрілік түрлер технологиясы»;
3.    «Емдік-косметикалық және ветеринарлық құралдар технологиясы».

 

7М10142 - «Фармация» (магистратура) мамандығы бойынша:
1.    «Тиісті фармацевтикалық тәжірибе»;
2.    «Дәрілердің фармацевтикалық және медико-биологиялық аспектілері»;
3.    «Фармациядағы нанотехнология және биотехнология»;
4.    «Парафармацевтикалық және нутрицевтикалық препараттардың технологиясы»;
5.    «Фармацияда ғылыми-зерттеудің методологиясы»;
6.    «Фармацияда білім берудің методологиясы негіздері».

 

8D10140 - «Фармация» (докторантура) мамандығы бойынша:
1.    «Дәрілік құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеу»;
2.    «Фармацевтикалық өндірістің және процестің валидациясы»;
3.    «Әсері модификацияланған және босап шығуы модификацияланған дәрілік түрлер технологиясы»;
4.    «Дәрілік құралдарды жасаудың және зерттеудің биофармацевтикалық аспектілері»;
5.    «Дәрілік препараттар өндірісін GMP бойынша ұйымдастыру».

 

Көптілділік бағдарламасы аясында өткізілетін пәндер

6В10106 – «Фармация» мамандығы бойынша «Инновациялық фармацевтикалық технология» пәні және 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Емдік-косметикалық және ветеринарлық құралдар технологиясы» пәні орыс топтарында қазақ тілінде, қазақ топтарында орыс тілінде жүргізіледі.

 

Кафедраның ғылыми бағыттары

Кафедраның ғылыми қызметі «Инновациялық дәрілік препараттарды іздеу, жасау және биофармацевтикалық зерттеу» бағыты бойынша жүргізілуде.
Кафедраның ғылыми жұмысының бағыты отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар отандық өндірісте өндірілетін дәрілік препараттар технологиясын жетілдіру болып табылады.
Профессор Б.А. Сағындықова басқаруымен "Отандық өсімдік шикізаты негізінде жаңа дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу" ғылыми-техникалық бағдарламасы орындалды ("Қабынуға қарсы препараттармен дәрі түрлерін жасау және оларды өндіріске енгізудің технологиялық және биофармацевтік аспектілері", ҚР Мемлекеттік тіркеу №0342). Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулер оригиналды отандық субстанциялар: рихлокаин, алхидин, жергілікті шикізат – мия тамырының экстрактысы, глицирам негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу бағытында жүргізілді.


Профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен ғылыми топ бірнеше рет ғылым гранттар иегері атанды:
1. ҚР білім беру министрлігі ғылым қоры, 1999 ж.
2. ҚР денсаулық сақтау министрлігі 009 "Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы зерттеулер", 2003-2005 ж.ж.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы инновациялық қоры, 2004 ж.

 

Білікті ғылыми кадрлар дайындау магистратура арқылы жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Сағындықованың жетекшілігімен 7М10142 Фармация мамандығы бойынша 17 медицина ғылымдарының магистрлік диссертациясы (ғылыми-педагогикалық және бейімдік бағытта) қорғалды.

 

Қазіргі уақыттағы кафедраның қызметкерлік құрамы:
1. Сағындықова Б.А. – кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор;
2. Анарбаева Р.М. - ф.ғ.к., профессор м.а.;
3. Кыдыралиев Б.С. - ф.ғ.к., доцент м.а.;
4. Тобағабылова Г.Н. – аға оқытушы;
5. Нұрбаева С.Е. - аға оқытушы;
6. Асылова Н.А. - м.ғ.магистрі, аға оқытушы;
7. Иманалиева С.М. - м.ғ.магистрі, аға оқытушы;
8. Жарылқасын А.Н. - м.ғ.магистрі, оқытушы;
9. Ермекова А.Б. - оқытушы;
10. Джандарова Қ.А. – аға лаборант;
11. Садык А.Т. – аға лаборант.

 

 

Мекен - жайымыз:
Аль – Фараби алаңы 1, ОҚМА, 1-оқу ғимараты, 3-қабат, 301 кабинет.
Тел: 8 (7252) 39-57-57 (ішкі номер 1037)
e-mail: tekhnologiya.lekarstv@mail.ru

 

 

 

 

 

2023-05-29 22:01:19 11:27
1415 қаралым