Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы

 

Salim Yerbol

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы: 

Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы

Тел(ішкі номер): (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1036)

E-mail: erbol_salim@mail.ru

 

Жалпы ереже:

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы (әрі қарай – ӘМжЖС)  өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (әрі қарай – ОҚМА) Жарғысын, ішкі нормативтік құжаттарды, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. 

ӘМжЖС басқармасы «ОҚМА» АҚ-ның өз алдына бөлек құрылымдық бөлімі болып табылады және ӘМжЖС басқармасы басшысына тікелей бағынады. 

ӘМжЖС басқармасына қарасты «Жастар саясаты» бөлімінің меңгерушісі мен басқарма мамандары ректордың бұйрығымен ғылыми-педогогикалық немесе тәжірибелік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар ең білікті оқытушылар, қызметкерлер арасынан тағайындалады. 

ӘМжЖС басқармасының басшысы басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес бөліп береді. 

 

ӘЖжЖС басқармасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

ӘМжЖС басқармасының негізгі мақсаты ОҚМА-да оқытушылар мен студенттер арасындағы әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу, әлеуметтік аз қамтылған оқытушылар мен студенттердің мүдделерін қорғау, оқытушылар мен студенттерді ынталандыру шараларын жүзеге асыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, оларды жүзеге асыру, мемлекеттік деңгейдегі жоспарлар мен шараларға сәйкес және ОҚМА  ішкі тәртібі мен Миссиясына бағыттап жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқарма жанындағы бөлім туралы:
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы жанындағы бөлімнің жұмысына ағымдағы бақылауды оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі жұмысы - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясындағы тәрбие ісі және жастар саясаты бағдарламасын студенттердің патриоттық сананы қалыптастыру, отансүйгіштік, рухани-адамгершілігін дамыту, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеуге, жоғары моральдық, адамгершілік қасиеттерін, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін қалыптастыру бағытында жүзеге асыру.

 

 

1263 2

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бас маманы

Баймбетова Баян Сейтжапбарқызы

 

- Әлеуметтік аз қамтылған оқытушылар мен студенттердің мүдделерін қорғау,

- Халықтар достығы бойынша біріккен концерттер ұйымдастыру арқылы халықтар арасында нәсілдік, ұлттық, діни төзімділікті қалыптастыру, достықты дамытуға атсалысу;

- Оқу жылында екі рет әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттердің статистикалық құжаттарын жинауды ұйымдастыру;

- Студенттердің әлеуметтік жағдайының төмендігін ескере отырып, жақсы оқитын студенттерді ректорлық стипендияға ұсыну;

- Тіркелген кафедралармен біріге отырып студенттердің әлеуметтік жағдайын қадағалау;

- Мүмкіндігінше оқу жылында екі рет тұл жетімдер мен мүгедектерге қаржылай көмек көрсету бойынша басшылыққа тізім ұсыну;

- Отбасылық студенттерге жаңа жылдық мереке қарсаңында сыйлықтар үлестіруді ұйымдастыру;

- Студенттер арасында қайырымдылық іш-шараларды өткізу.

 

 

1263 3

Талғатбек Айсұлу Қанапияқызы - маман

 

- әлеуметтік аз қамтылған оқытушылар мен студенттердің мүдделерін қорғау;
- оқытушыларды ынталандыру шараларын жүзеге асыру;
- аз қамтамасыз етілген қызметкерлердің, материалдық көмекке мұқтаждардың тізімін басшылыққа ұсыну;
- тіркелген кафедралармен бірлесе отырып, оқытушылардың әлеуметтік статусын мониторингілеу;
- діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағдарламалар мен стратегияны әзірлеу;
- қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- ҚР Конституциясын, қоғамдық және әлеуметтік өмірін құрметтеу рухында тәрбиелеу бойынша жиналыстар, кездесулер, дөңгелек столдар ұйымдастырып, өткізу;
- жиналыстар, кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы ҚР мемлекеттік рәміздерін, тарихи ескерткіштерді құрметтеу сезімін сіңдіру;
- халықтар достастығы бойынша біріккен концерттер ұйымдастыру арқылы халықтар арасында нәсілдік, ұлттық, діни төзімділікті қалыптастыру, достықты дамытуға атсалысу;
- қайырымдылық іс-шараларын өткізу;
- қызметкерлермен үнемі байланыста болу;

 

 

1263 1

Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі:
Тасжанов Берік Рахманәліұлы
жұм.тел.: (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1036)
E-mail: taszhanov-91@mail.ru

 

 

868 2

Керімбекова Зина Қапанқызы - жетекші маман

 

- ОҚМА-да Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға;
- Факультеттердің студенттік кеңесінің, студенттік ұйымдар көшбасшыларының қызметтері мен жауапкершілік деңгейлерін анықтайды;
- Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ат салысады;
- ОҚМА студенттік кеңесінің жұмысын ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын қамтамасыз етеді;
- Қоғамдық жұмысқа студенттерді, белсенділерді тартады, олармен тәрбие жұмысын жүргізеді;
- Байқаулар, көркемдік шығармашылық фестивальдар, спартакиадаларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
- Белсенді студенттердің есебін жүргізеді;
- Студенттер мен қызметкерлерді сауықтыруда дене шынықтырудың ролін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
- Студенттерді, қоғамдық белсенділерді жұмысқа тартып, олармен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді;
- ЖСБ есебін, перспективті және жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады;
- ЖСБ жүктелген жұмысты ұйымдастыруға;
- Бөлім мамандарына, студенттік клубтарға, Тәлімгерлер Кеңесіне, студенттік өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге міндетті.

 

 

Эстетикалық және әлеуметтік жұмыстар бойынша маман:
Тұңғышбаев Бейбарыс Нұрланұлы
E-mail: Beibaris.t@icloud.com

 

- Академияда студенттер үшін жақсы әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеп, енгізу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізеді;
- ОҚМА жатақханаларындағы студенттердің өмір сүру жағдайын қадағалайды, орын алған теріс жағдайларды жою бойынша шаралар қолданады;
- Жатақхананың студенттік кеңесінің жұмысын үйлестіреді, олардың жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды;
- Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша студенттік кәсіподақ комитетімен бірге жұмыс жасайды;
- Студенттердің асханалар мен буфеттердегі тамақтану жағдайын қадағалайды, орын алған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады;
- жетім студенттердің әлеуметтік қорғалуын үйлестіреді;
- ҰОС, Еңбек және Тыл ардагерлерімен жұмысты ұйымдастырады;
- БАҚ көмегімен студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттаумен айналысады;
- Конкурстар өткізу арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға ат салысады, олардың дайындық сапасын арттырады;
- Жиналыстар, кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы студенттерге ҚР мемлекеттік рәміздерін, тарихи ескерткіштерді құрметтеу сезімін сіңіреді;
- БАҚ-пен арнайы жұмыс жүргізу;
- Анкета мен сауалнамалар арқылы ОҚМА студенттерінің арасында діни экстремизмнің әсеріне ілігуі мүмкін топқа кіретін студенттер жайында мәліметтер жинайды;
- Діни экстремизм мен терроризмге қарсы акциялар, дөңгелек столдар мен жиналыстар ұйымдастырып, өткізеді;

 

 

Мекенжай мен байланыс телефонымыз:
Шымкент қаласы, Әль-Фараби даңғылы, №1 бас ғимарат, Жастар саясаты бөлімі, 0 этаж (подвал)
Е-mail: zhastar_bolimi_skma@mail.ru
Тел: (87252) 39-57-57 (ішкі номер: 1036)

 

 

 

 

 

 

 

2023-05-29 17:50:24 04:31
1079 қаралым