Психометриялық тестілеу нысанындағы арнаулы емтихан
ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға қабылдау психометриялық тестілеу нысанындағы арнаулы емтихан ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу нысанында арнаулы емтихан тапсырылатын білім беру бағдарламалары:
В084-Мейірбике ісі
В086 - Жалпы медицина
В087-Стоматология
В088-Педиатрия
Психометриялық тестілеу нысанында арнаулы емтихандарды тапсыру үшін ттұлғалар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
- ҰБТ сертификатының көшірмесі
Өтініш беру мерзімі:
20.06.–08.07.
01.08.–25.08.
Емтиханды өткізу мерзімі:
08.07.–13.07. (грант конкурсына қатысушылар үшін)
01.08.– 25.08. (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін)
Арнаулы емтихан оффлайн режимінде өткізіледі.
Оқуға түсушіні арнаулы емтихандарды өткізу аудиториясына жіберу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Бұл ретте арнаулы емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда өткізіледі.
Арнаулы емтихандар басталғанға дейін түсушілерге тестілеуді өткізу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы емтихандардың басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.
Арнаулы емтихандардың нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
Психометриялық тестілеу нысанындағы арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеу нысанында арнаулы емтиханнан өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнаулы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.
Емтихандарды өткізу кезеңінде арнаулы емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, емтихан тапсырушы адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ЖОО ректорының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы емтихан тапсырған адам өзі береді, арнаулы емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
ЖОО арнаулы емтихан аяқталған күні республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ЖОО-ға ақылы оқуға қабылдау үшін оқуға түсушілердің арнаулы емтиханының нәтижелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.
Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, №1
